Чему вы научитесь
- Python тілінде бағдарламалау негіздерін (айнымалылар, шартты операторлар, циклдар және функциялар).
- Бағдарламаларды модульдер және кітапханалар арқылы кеңейту.
- Файлдармен жұмыс жасауды және деректерді сақтау әдістерін.
- Ойындар мен шағын жобалар құрастыруды.
- Геймификация арқылы оқу процесін қызықты және тиімді етуді.
О курсе
Бұл курс Python бағдарламалау тілін үйренуге бағытталған. Геймификация әдісі қолданылып, оқу процесі ойындар арқылы өткізіледі. Қатысушылар ұпайлар жинап, марапаттар алады, ал әрбір модульде түрлі деңгейлерге көтеріледі. Курстың әр модулі бағдарламалау тілінің негізгі тақырыптарына бөлініп, біртіндеп күрделі деңгейге өтеді. Қарапайым ойындар мен жобаларды жасау арқылы қатысушылар Python тілінің мүмкіндіктерін толық меңгереді.
Для кого этот курс
Бұл курс жаңадан бастаушыларға арналған, сонымен қатар:
- Python бағдарламалау тілін нөлден үйренгісі келетіндерге;
- Логикалық ойлау қабілетін дамытқысы келетін оқушылар мен студенттерге;
- Геймификация арқылы оқуды қызықты еткісі келетіндерге;
- Бағдарламалаудың негіздерін білу қажет мамандарға.
Начальные требования
- Негізгі педагогикалық білім
- Бағдарламалау негіздерін білу
- Компьютерлік сауаттылық
- Геймификация туралы қызығушылық
Преподаватели курса
Как проходит обучение
- Курс онлайн форматта өткізіледі
- Модульдер мен интерактивті тапсырмалар арқылы оқу процесі ұйымдастырылады
- Қатысушылар өзіндік қарқынмен оқи алады
Что вы получите
- Python бағдарламалау тілінің негізгі синтаксисін, құрылымын және логикасын меңгереді.
- Бағдарламалау негіздерін практика жүзінде үйреніп, өз бетінше қарапайым жобалар жасай алады.
- Геймификация элементтері арқылы бағдарламалауды үйрену қызықты әрі ойын түрінде өтеді.
- Модульдерді, функцияларды және файлдармен жұмыс жасауды үйренеді.
- Қарапайым ойындар мен бағдарламалар құрастыру дағдыларын дамытады.