Курс на Stepik
Обложка курса «Цифрлы ортада математиканы оқытудың педагогикалық дизайны» на Stepik
Бесплатно

Цифрлы ортада математиканы оқытудың педагогикалық дизайны 5.000

Открыть на
STEPIK.ORG

«Цифрлық білім беру ортасында математиканы оқытудың педагогикалық дизайны» курсы болашақ математика мұғалімдеріне арналған және цифрлық білім беру жағдайында оқу үдерісін тиімді жобалау, ұйымдастыру және бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылар интерактивті сабақтарды, цифрлық оқу контентін әзірлеуді және оқу жетістіктерін бағалаудың инновациялық тәсілдерін меңгереді.

Показатель Текущие показатели Рост
Значение 🏆 Рейтинг 3 дн 7 дн 30 дн
Количество учеников на курсе «Цифрлы ортада математиканы оқытудың педагогикалық дизайны»Учеников на курсе 152
Сертификаты, выданные на курсе «Цифрлы ортада математиканы оқытудың педагогикалық дизайны»Сертификатов выдано 0
Отзывы о курсе «Цифрлы ортада математиканы оқытудың педагогикалық дизайны»Отзывов получено 17
Рейтинг курса «Цифрлы ортада математиканы оқытудың педагогикалық дизайны»Рейтинг курса 5.000
Уроки в курсе «Цифрлы ортада математиканы оқытудың педагогикалық дизайны»Количество уроков 75
Тесты в курсе «Цифрлы ортада математиканы оқытудың педагогикалық дизайны»Количество квизов 75
Время прохождения курса «Цифрлы ортада математиканы оқытудың педагогикалық дизайны»Время прохождения курса
Обновления курса «Цифрлы ортада математиканы оқытудың педагогикалық дизайны»Обновления курса
Дата публикации курса «Цифрлы ортада математиканы оқытудың педагогикалық дизайны»Дата публикации курса
Последнее обновление курса «Цифрлы ортада математиканы оқытудың педагогикалық дизайны»Последнее обновление

Чему вы научитесь

  • 2. Бұл курс нәтижесінде білім алушылар:
  • • цифрлық білім беру ортасында математиканы оқытудың педагогикалық дизайнын жобалай алады;
  • • GeoGebra, Desmos, онлайн платформалар сияқты цифрлық құралдарды тиімді қолдануды меңгереді;
  • • интерактивті сабақтар мен цифрлық оқу материалдарын (визуализация, тапсырмалар) әзірлейді;
  • • білім алушылардың оқу жетістіктерін цифрлық форматта бағалау және талдау дағдыларын қалыптастырады;
  • • математика саласында заманауи оқыту әдістерін жүзеге асыра алады.

О курсе

«Цифрлық білім беру ортасында математиканы оқытудың педагогикалық дизайны» курсы болашақ математика мұғалімдеріне арналған және цифрлық білім беру жағдайында оқу үдерісін тиімді жобалау, ұйымдастыру және бағалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Білім алушылар интерактивті сабақтарды, цифрлық оқу контентін әзірлеуді және оқу жетістіктерін бағалаудың инновациялық тәсілдерін меңгереді.

Для кого этот курс

Бұл курс ең алдымен болашақ математика пәні мұғалімдеріне арналған. Атап айтқанда, ол педагогикалық бағыттағы ЖОО студенттері және цифрлық білім беру жағдайында заманауи сабақтарды жобалауды меңгергісі келетін жас педагогтар үшін пайдалы. Сонымен қатар курс қызмет атқарып жүрген математика мұғалімдеріне, өз сабақтарын цифрлық платформалар арқылы жетілдіруді, интерактивті құралдарды тиімді қолдануды мақсат еткен педагогтер үшін де өзекті. Одан бөлек, курс әдіскерлерге, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге және цифрлық білім беру контентін жасаумен айналысатын мамандарға пайдалы, себебі ол оқу үдерісін педагогикалық дизайн тұрғысынан жүйелі түрде құрастыруға мүмкіндік береді. Цифрлық ортада математиканы оқытудың сапасын арттыруды көздейтін барлық мамандар үшін бұл курс кәсіби дамуға және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған.

Начальные требования

Бұл курс күрделі емес, алайда оны тиімді меңгеру үшін білім алушыларда төмендегідей бастапқы дайындық деңгейі болғаны жөн:

Білім алушы математика пәнінің мектеп бағдарламасы көлеміндегі негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды (алгебра, геометрия элементтері) білуі қажет. Сонымен қатар компьютермен жұмыс істеудің базалық дағдылары – файлдармен жұмыс, интернет пен браузерді пайдалану, қарапайым онлайн платформаларға тіркелу және олармен жұмыс істеу қабілеті жеткілікті.

Курс барысында GeoGebra, Desmos сияқты цифрлық құралдар нөлден бастап түсіндірілетіндіктен, арнайы бағдарламалау немесе терең IT білімі талап етілмейді. Бастысы – білім алушының жаңа цифрлық технологияларды меңгеруге деген қызығушылығы, педагогикалық қызметке бейімділігі және өз сабағын заманауи форматта жетілдіруге деген ынтасы.

Преподаватели курса

Как проходит обучение

Курс аралас форматта жүргізіледі және білім алушылардың белсенді оқуын қамтамасыз етуге бағытталған. Оқу барысында тақырыптар видео-лекциялар арқылы түсіндіріліп, негізгі ұғымдар мен әдістемелік тәсілдер презентациялар арқылы жүйеленеді. Әр бөлімнен кейін білім алушылардың түсіну деңгейін бекіту үшін практикалық тапсырмалар (әртүрлі платформаларында жұмыс, сабақ фрагменттерін жобалау) орындалады. Сонымен қатар оқу нәтижелерін бақылау және өзін-өзі бағалау мақсатында тест сұрақтары қолданылады.

Что вы получите

  • Курс нәтижесінде білім алушылар цифрлық білім беру ортасында математиканы оқытуды тиімді ұйымдастыруға қажетті кәсіби және практикалық құзыреттерді игереді. Атап айтқанда, олар математика сабағын педагогикалық дизайн талаптарына сай жоспарлау және жобалауды, цифрлық құралдарды пайдалана отырып интерактивті оқу материалдарын әзірлеуді меңгереді.
  • Сонымен қатар білім алушылар цифрлық ортада оқу үдерісін дербестендіруді, білім алушылардың оқу жетістіктерін онлайн форматта бағалау мен талдауды үйренеді. Нәтижесінде курс тыңдаушылары заманауи цифрлық технологияларды еркін қолдана алатын, бәсекеге қабілетті және кәсіби тұрғыда дамыған математика мұғалімі ретінде қалыптасады.

Расскажите о курсе друзьям