Чему вы научитесь
Аэроғарыш трендтері – авиация мен ғарыш салаларындағы соңғы технологиялар мен даму бағдарлары туралы қысқаша кіріспе курс.
9 видеосабақ барысында қала ішінде ұшатын көліктен бастап ғарыш туризміне дейінгі аэроғарыш индустриясының қазіргі даму тенденцияларына шолу жасайсыз. Курс соңында біз спикерлердің аэроғарыштық медицина мен инженерияны зерттеуге қатысты кеңестері мен ұсыныстарының қысқаша мазмұнын дайындадық. Курс Айжан Ибраева мен Ғалымжан Исабековтың сабақтарына негізделген.
- Айжан Ибраева – Stanford University-де Data Scientist. Бакалавриатты Mechanical Engineering бойынша ҚазҰУ-да, магистратураны Aeronautical & Astronautical Engineering бойынша Purdue University-де (АҚШ, Индиана штаты) оқыды.
Кремний алқабында (АҚШ, Калифорния штаты) әр түрлі стартап компанияларда түрлі инженерлік позицияда қызмет етті. АҚШ-тың әр түрлі ғылыми зертханаларында ғылыми жұмыстармен айналысқан. Соның ішінде NASA қаржыландырған жобалар да бар. Қазіргі уақытта Stanford University-де (АҚШ, Калифорния штаты) Data Science саласында зерттеу жұмысымен айналысады.
- Ғалымжан Исабеков — нейрохирург, MD, MS, PhD студенті. Жапония, АҚШ, Қытай және Ресей университеттері мен ғылыми қауымдастықтарының бірқатар зерттеу және білім беру стипендияларының иегері. Нейрохирургия және аэроғарыштық медицина бойынша ғылыми қауымдастықтардың мүшесі, OYLA журналындағы жарияланымдар авторы. Қазіргі таңда University of Florida-да ғарыштық медицина саласында зерттеулер жүргізуде.
Бұған дейін Пекин функционалдық нейрохирургия институты мен Халықаралық неврология институтында (CHINA-INI) нейрохирургиялық резидентура бағдарламасы бойынша оқуын аяқтаған. Оқу кезінде ол Қытайдағы ең жақсы ауруханалардың бірі – Xuanwu Hospital of Capital University of Medical Science-те кіші дәрігер болып жұмыс істеді. Резидентура кезінде Lancet Neurology, Journal of Neuromodulation және басқа да әлемдік ғылыми басылымдарда бірқатар мақаласы жарық көрді.