Чему вы научитесь
- Курс аяқталғаннан кейін сіз:
- Әртүрлі типтегі географиялық карталарды оқи және талдай аласыз
- Материктер мен мұхиттардың физикалық-географиялық ерекшеліктерін білесіз
- Жер бетіндегі климаттық айырмашылықтардың себептерін түсіндіре аласыз
- Әлем елдерінің халқын, шаруашылығын және табиғи ресурстарын сипаттай аласыз
- Қазақстанның географиялық орны мен ерекшеліктерін терең түсінесіз
- Адамның қоршаған ортаға әсерін бағалай аласыз
- Географиялық білімді күнделікті өмірде және одан әрі оқуда қолдана аласыз
- Курс сізге әлем туралы тұтас түсінік қалыптастырып, географиялық ойлауды дамытуға көмектеседі.
О курсе
Курс сипаттамасы:Бұл курс жер бетінің табиғи және әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Оқушылар материктер мен мұхиттарды, климаттық белдеулерді, рельефті, халықтың орналасуын, елдердің экономикалық-географиялық жағдайын және қоршаған орта мәселелерін үйренеді.Курс барысында:
Физикалық география негіздері
Әлем елдері мен аймақтары
Қазақстан географиясы
Картамен жұмыс істеу дағдылары
Табиғат пен адамның өзара байланысы
қарастырылады.
Для кого этот курс
Бұл курс мыналарға арналған:
Мектеп оқушыларына (7–11 сынып)
География пәнін тереңірек меңгергісі келетіндерге
ЖОО-ға түсуге дайындалып жүрген түлектерге
Географиядан білімін жаңартқысы келетін мұғалімдерге
Әлем елдері мен Қазақстан географиясына қызығушылық танытатын кез келген адамға
Алдын ала арнайы дайындық қажет емес. Курс географияны нөлден бастап немесе білімін нығайтқысы келетіндерге ыңғайлы.