Чему вы научитесь
- Курсты аяқтағаннан кейін білім алушылар:
- 1. Цифрлық сауаттылықтың негізгі ұғымдарын түсінеді.
- 2. Интернеттен қажетті ақпаратты іздеп, оны дұрыс қолдана алады.
- 3. Интернет қауіпсіздігі ережелерін меңгереді.
- 4. Google Docs, Google Drive сияқты құралдармен жұмыс істей алады.
- 5. Цифрлық технологияларды оқу үдерісінде тиімді пайдаланады.
- 6. Онлайн платформаларда тапсырмаларды орындап, өз білімін тексере алады.
О курсе
Бұл онлайн-курс білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Курс барысында интернетті қауіпсіз пайдалану, ақпаратты іздеу және өңдеу, Google құралдарымен жұмыс істеу, цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері қарастырылады. Теориялық материалдар, бейнесабақтар және интерактивті тапсырмалар арқылы білім алушылардың цифрлық дағдылары қалыптасады.
Для кого этот курс
Бұл курс оқушыларға, студенттерге және цифрлық технологияларды үйренгісі келетін барлық адамдарға арналған.
Начальные требования
Курсты бастау үшін компьютер немесе смартфон, интернет желісі және цифрлық технологияларды үйренуге деген қызығушылық қажет. Арнайы білім мен тәжірибе талап етілмейді.
Преподаватели курса
Как проходит обучение
Оқу 5 сабақтан тұрады. Әр сабақта теориялық материалдар, бейнесабақтар, мысалдар және интерактивті тапсырмалар беріледі. Білім алушылар тапсырмаларды өз қарқынымен орындайды және тест арқылы білімін тексереді.
Что вы получите
- Курс соңында цифрлық сауаттылық бойынша білім алып, интернетті қауіпсіз пайдалану, ақпарат іздеу, Google құралдарымен жұмыс істеу және онлайн платформаларды қолдану дағдыларын меңгересіз.
Нагрузка
аптасына 1-2 рет