Чему вы научитесь
- Курсты сәтті аяқтағаннан кейін білім алушылар:
- 1) Органикалық химияның негізгі ұғымдарын және оның маңызын түсіндіреді.
- 2) Органикалық қосылыстардың құрылысын, химиялық байланыстарын және қасиеттерін сипаттайды.
- 3) Органикалық қосылыстарды функционалдық топтары мен құрылысына қарай жіктейді.
- 4) Органикалық қосылыстардың халықаралық номенклатура бойынша атауларын анықтайды.
- 5) Органикалық қосылыстардың құрылымдық және молекулалық формулаларын құрастырады.
- 6) Изомерияның негізгі түрлерін ажыратады және изомерлердің құрылымдық формулаларын жазады.
- 7)Алкандар, алкендер, алкиндер және ароматты көмірсутектердің химиялық қасиеттерін салыстырады.
- 8)Органикалық реакциялардың негізгі типтерін анықтайды және реакция теңдеулерін құрастырады.
- 9)Спирттер, фенолдар, альдегидтер, кетондар, карбон қышқылдары және аминдердің қасиеттерін түсіндіреді.
- 10)Органикалық қосылыстарды алу жолдарын анықтап, қарапайым химиялық есептерді шығарады.
О курсе
Для кого этот курс
Начальные требования
Курсты бастау үшін органикалық химия бойынша алдын ала терең білім қажет емес. Дегенмен, курсты тиімді меңгеру үшін білім алушылардың төмендегі бастапқы білімдері болғаны жөн:
- Химия пәнінің негізгі ұғымдарын білу: атом, молекула, химиялық элемент және зат.
- Химиялық элементтердің периодтық жүйесін қолдана алу.
- Химиялық формулаларды оқи және жаза білу.
- Химиялық реакция теңдеулерінің қарапайым түрлерін түсіну.
- Валенттілік және химиялық байланыс туралы бастапқы түсінікке ие болу.
- Қарапайым математикалық есептеулерді орындай алу.
Бұл білімдер органикалық қосылыстардың құрылысын түсінуге және химиялық реакцияларды дұрыс құрастыруға көмектеседі.
Егер білім алушы аталған тақырыптарды толық меңгермеген болса, курстың алғашқы модуліндегі теориялық материалдарды мұқият оқып, берілген тапсырмаларды орындау арқылы қажетті білімін толықтыра алады.
Преподаватели курса
Как проходит обучение
Курс Stepik платформасында онлайн форматта өтеді. Білім алушылар материалдарды өздеріне ыңғайлы уақытта оқып, тапсырмаларды өздігінен орындай алады.
Оқу үдерісі үш модульге бөлінген. Әр модуль бес тақырыптан тұрады.
Әр тақырып бойынша оқу үдерісі келесі кезеңдерден тұрады:
1. Теориялық материалды меңгеру
Білім алушылар тақырып бойынша қысқаша түсіндірмелермен, негізгі ұғымдармен, химиялық формулалармен және реакция теңдеулерімен танысады.
2. Білімді тексеру
Теориялық материалды меңгергеннен кейін білім алушылар тест тапсырмаларын орындайды. Тесттер тақырыптың қаншалықты түсінікті болғанын анықтауға көмектеседі.
3. Практикалық тапсырмаларды орындау
Білім алушылар химиялық формулаларды құрастыру, реакция теңдеулерін жазу, қосылыстарды жіктеу және химиялық қасиеттерді салыстыру сияқты тапсырмаларды орындайды.
4. Модульдік бақылау
Әр модуль соңында білімді бекітуге арналған қорытынды тест немесе практикалық тапсырма беріледі.
5. Қорытынды бағалау
Курс соңында білім алушылар барлық модуль бойынша қорытынды тапсырмаларды орындап, органикалық химиядан алған білімдерін тексереді.
Оқу барысында білім алушылар материалдарды қайталап оқып, тапсырмаларды бірнеше рет орындау арқылы өз білімдерін жетілдіре алады.
Что вы получите
- Курсты сәтті аяқтаған білім алушылар:
- 1) Органикалық химияның негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын меңгереді.
- 2) Органикалық қосылыстардың құрылысын, қасиеттерін және жіктелуін түсінеді.
- 3) Органикалық қосылыстардың формулаларын дұрыс құрастыру дағдыларын қалыптастырады.
- 4) Химиялық реакция теңдеулерін жазу және теңестіру дағдыларын дамытады.
- 5) Органикалық қосылыстардың алыну жолдары мен химиялық қасиеттерін салыстыра алады.
- 6) Теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларда қолдануды үйренеді.
- 7) Органикалық химия бойынша өз білімдерін тексеріп, жетілдіруге мүмкіндік алады.
- Курс аясында білім алушылар теориялық материалдарға, тесттерге және практикалық тапсырмаларға қол жеткізеді. Сонымен қатар, Stepik платформасының мүмкіндіктеріне сәйкес тапсырмаларды орындау нәтижелерін бақылап, өздерінің оқу жетістіктерін бағалай алады.