Чему вы научитесь
- Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» шығармаларының мазмұнын түсініп, негізгі идеясын анықтауды үйренесіз.
- Мысал кейіпкерлерінің әрекеттерін талдап, олардың тәрбиелік мәнін түсіндіре аласыз.
- Мәтіндегі моральдық ойды бағалап, өз көзқарасыңызды білдіруге дағдыланасыз.
- Видео-анимация, аудио және инфографика арқылы мәтінді әртүрлі форматта қабылдап, талдай аласыз.
- Блум таксономиясы негізіндегі тапсырмалар арқылы сыни ойлау қабілетіңіз дамиды.
- Мәтінді өмірлік жағдайлармен байланыстырып, функционалдық оқу сауаттылығыңызды арттырасыз.
- Адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты ұлттық құндылықтардың маңызын түсінесіз.
О курсе
Для кого этот курс
Начальные требования
Бұл курсқа қатысу үшін оқушылардың қазақ тілінде мәтінді түсіну және негізгі ойын анықтау дағдылары болуы қажет. Сонымен қатар оқушылардың әдеби шығармаларды оқуға қызығушылығы болғаны жөн. Негізгі цифрлық құралдарды (компьютер, смартфон, интернет, видео және аудио материалдарды қарау) қолдана алу да маңызды.
Осы бастапқы дағдылар курс материалдарын жеңіл меңгеруге және «Қырық мысал» шығармаларын талдау барысында белсенді жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Преподаватели курса
Как проходит обучение
Оқу үдерісі кезең-кезеңімен ұйымдастырылады және бірнеше цифрлық форматты қамтиды. Алдымен оқушылар AI технологиясы арқылы жасалған видео-анимацияларды көріп, «Қырық мысал» шығармаларының мазмұнымен және негізгі идеясымен танысады.
Келесі кезеңде оқушылар аудио нұсқасын тыңдау арқылы мәтінді тереңірек түсінеді және кейіпкерлердің іс-әрекетін, шығарманың тәрбиелік мәнін сезіне алады.
Одан кейін оқушылар инфографикамен жұмыс жасап, шығарманың негізгі ойын, құрылымын және моральдық түйінін талдайды.
Соңғы кезеңде Блум таксономиясына негізделген тест тапсырмаларын орындап, мәтінді түсіну, талдау және бағалау дағдыларын дамытады.
Оқу барысында оқушылар шығарманы көріп, тыңдап, талдап және тапсырмалар орындау арқылы белсенді түрде білім алады.
Что вы получите
- Бұл курс арқылы оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының «Қырық мысал» шығармаларын заманауи форматта меңгеріп, мәтінді түсіну, талдау және бағалау дағдыларын дамытады.
- Курс барысында:
- әдеби мәтінді видео-анимация және аудио арқылы түсіну қабілеті қалыптасады;
- оқу сауаттылығы мен сыни ойлау дағдылары дамиды;
- кейіпкерлер әрекетін талдау арқылы адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды түсінеді;
- Блум таксономиясына негізделген тапсырмалар арқылы білімін тексеріп, практикалық түрде қолдана алады;
- ұлттық әдеби мұраны цифрлық және интерактивті форматта меңгеру тәжірибесін алады.
- Нәтижесінде оқушылар көркем мәтінді терең түсініп, оны өмірлік жағдайлармен байланыстыра алатын болады.