Чему вы научитесь
- Python-ның ішкі модульдерін (os, shutil, csv, json) қолданып, файлдық жүйені автоматтандыратын өнімдер жасауды
- Pandas, Matplotlib және Seaborn кітапханаларымен үлкен деректерді талдап, интерактивті визуализация жасауды
- Python-telegram-bot кітапханасы негізінде асинхронды архитектураны және пайдаланушы күйін басқаруды (State Management)
- Нақты жобаларда кездесетін қателерді (try-except) алдын ала болжап, бағдарламаның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді
- GitHub платформасымен кәсіби деңгейде жұмыс істеп, өз өнімдерін деплой жасауды (жариялауды)
- Код сапасын бағалауды, рефлексия жасауды және жобалық шешімдер қабылдауды
О курсе
Для кого этот курс
Начальные требования
-
Python тілінің ең қарапайым негіздерін (айнымалылар, циклдер, шартты операторлар) үстіртін болса да білу.
-
Компьютерде (Windows/Mac/Linux) еркін жұмыс істей алу дағдысы.
-
Жаңа цифрлық өнім жасауға деген қызығушылық пен мотивация.
Преподаватели курса
Как проходит обучение
Оқу процесі толығымен Stepik платформасында ұйымдастырылған және келесі кезеңдерді қамтиды:
-
Интерактивті материалдар: Қысқа әрі нұсқа теориялық блоктар және код жазуға арналған автоматты тексерілетін тапсырмалар.
-
Жобалық тапсырмалар: Әр деңгейдің соңында дербес цифрлық өнім (код) жасап, оны GitHub-қа жүктейсіз.
-
Peer Review (Өзара бағалау): Студенттер бірінің кодын бірі тексеріп, критикалық ойлау мен кодты ревью жасауды үйренеді.
-
Метакогнитивтік бағалау: Курс соңында рефлексия күнделігін толтыру арқылы өз ілгерілеуіңізді бағамдайсыз.
Что вы получите
- Сұранысқа ие кітапханалармен (Pandas, Asyncio, python-telegram-bot) жұмыс істеу тәжірибесін
- GitHub-та сауатты рәсімделген 3 дайын цифрлық жобадан тұратын портфолионы
- Бағдарламалық өнімді жоспарлаудан бастап, оны серверге (деплой) жіберуге дейінгі толық дағдыны
- Күрделі жүйелік қателерді өз бетінше тауып, оларды оңтайлы шешу (debugging) тәжірибесін