Курс на Stepik
Обложка курса «Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу» на Stepik
Бесплатно

Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу 0.000

Открыть на
STEPIK.ORG

«Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу» курсы білім алушыларға заманауи цифрлық оқу материалдарын құру, жобалау және тиімді қолдану жолдарын үйретуге бағытталған. Курста электрондық ресурстар, интерактивті тапсырмалар, онлайн курс элементтері, мультимедиялық материалдар және білім беру платформаларын пайдалану ерекшеліктері қарастырылады.

Показатель Текущие показатели Рост
Значение 🏆 Рейтинг 3 дн 7 дн 30 дн
Количество учеников на курсе «Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу»Учеников на курсе 2
Сертификаты, выданные на курсе «Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу»Сертификатов выдано 0
Отзывы о курсе «Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу»Отзывов получено 0
Рейтинг курса «Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу»Рейтинг курса 0.000
Уроки в курсе «Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу»Количество уроков 28
Тесты в курсе «Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу»Количество квизов 42
Обновления курса «Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу»Обновления курса
Дата публикации курса «Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу»Дата публикации курса
Последнее обновление курса «Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу»Последнее обновление
Сложность easy

Чему вы научитесь

  • Сіз бұл курста мыналарды үйренесіз:
  • цифрлық білім беру ресурстарының түрлерін және қолдану ерекшеліктерін;
  • электрондық оқу материалдарын жобалау жолдарын;
  • онлайн курс құрылымын дұрыс ұйымдастыруды;
  • интерактивті тапсырмалар мен тесттер құрастыруды;
  • мультимедиялық материалдарды оқу үдерісінде тиімді қолдануды;
  • SCORM, iSpring Suite, геймификация, сторителлинг сияқты құралдармен жұмыс істеуді;
  • білім алушыларды онлайн оқуға ынталандыру әдістерін;
  • цифрлық платформалар мен білім беру сервистерін салыстырып талдауды;
  • дайын цифрлық ресурсты әзірлеп, оқу процесінде қолдануды.

О курсе

«Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу» курсы білім алушыларға заманауи цифрлық оқу материалдарын құру, жобалау және тиімді қолдану жолдарын үйретуге бағытталған. Курста электрондық ресурстар, интерактивті тапсырмалар, онлайн курс элементтері, мультимедиялық материалдар және білім беру платформаларын пайдалану ерекшеліктері қарастырылады.

Для кого этот курс

«Цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу» курсы келесі білім алушыларға арналған: болашақ педагогтерге; мектеп мұғалімдеріне; колледж және жоғары оқу орны оқытушыларына; онлайн курс жасауды үйренгісі келетіндерге; цифрлық оқу материалдарын әзірлеушілерге; білім беру платформаларымен жұмыс істегісі келетін студенттерге; интерактивті тапсырма, тест, презентация және электрондық ресурс жасауды меңгергісі келетіндерге. Курс оқу процесін заманауи цифрлық технологиялар арқылы ұйымдастыруды үйренгісі келетін барлық білім алушыларға пайдалы.

Начальные требования

Бұл курсты меңгеру үшін білім алушыда келесі бастапқы дағдылар болғаны жөн:

  • компьютермен және интернетпен жұмыс істей білу;
  • Microsoft PowerPoint бағдарламасында қарапайым презентация жасай алу;
  • мәтіндік, бейне және аудио материалдармен жұмыс істеу;
  • онлайн платформаларға тіркелу және оларды қолдану дағдысы;
  • электрондық пошта, Google Drive, браузер сияқты негізгі цифрлық құралдарды пайдалана білу;
  • оқу материалдарын жүйелеуге және цифрлық форматта әзірлеуге қызығушылық таныту.

Арнайы бағдарламалау білімі міндетті емес. Курс цифрлық білім беру ресурстарын жаңадан үйренушілерге де қолайлы.

Преподаватели курса

Как проходит обучение

Оқыту онлайн форматта ұйымдастырылады. Курс барысында білім алушылар теориялық материалдармен танысып, практикалық тапсырмалар орындайды.

Әр аптада белгілі бір тақырып қарастырылып, сол тақырып бойынша цифрлық құралдармен жұмыс жасалады. Білім алушылар презентация, SCORM курс, интерактивті тапсырма, аудио материал, геймификация элементтері және басқа да цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеуді үйренеді.

Сабақтар келесі форматта өтеді:

  • теориялық материалды оқу;
  • бейне немесе презентация арқылы түсіндіру;
  • практикалық тапсырма орындау;
  • цифрлық платформалармен жұмыс жасау;
  • дайын жұмысты талдау және бағалау;
  • тест және кері байланыс арқылы білімді бекіту.

Курс соңында білім алушылар өздерінің дайын цифрлық оқу ресурсын жасап, оны оқу процесінде қолдануға бейімдей алады.

Что вы получите

  • Курсты аяқтағаннан кейін сіз:
  • цифрлық білім беру ресурстарын жобалау және әзірлеу бойынша негізгі білім аласыз;
  • онлайн курс құрудың құрылымын меңгересіз;
  • SCORM және iSpring Suite арқылы электрондық курс жасауды үйренесіз;
  • интерактивті тапсырмалар, тесттер және оқу материалдарын дайындай аласыз;
  • сапалы аудио, презентация және мультимедиялық материалдар әзірлеу дағдысын қалыптастырасыз;
  • геймификация және сторителлинг әдістерін оқу процесінде қолдануды үйренесіз;
  • цифрлық платформалармен жұмыс істеу тәжірибесін аласыз;
  • дайын цифрлық оқу ресурсын жасап, оны сабақта қолдануға мүмкіндік аласыз;
  • курс соңында өзіңіздің электрондық оқу материалыңызды әзірлей аласыз.

Нагрузка

1-сағат күніне

Расскажите о курсе друзьям